DataLife Engine / Шәмші Қалдаяқов (Ақ сұнқарым)

Шәмші Қалдаяқов (Ақ сұнқарым)

Есімде гүл терген кез көктемеде
Есті қыз ер жігітті шет көре ме?!
Қапысыз, қайырылмастай, құлай сүйсең
Құрбыжан құр бекерге өкпелеме!

Қайырмасы:
Батырым - баяндым
Ақ көңіл - аяулым
Дарқан той - базарлым, ақсұнқарым!
Аяла гуліңді
Ұмытпа үніңді
Бір жырла жырыңды, ақсұнқарым!
Екі дос қаздай
Жадырап жаздай
Жұбыңды жазбай, жақсы жар!
Тыңда да бірге
Шыңда да бірге
Сында да бірге ақсұнқар
Сында да бірге ақсұнқар

Жаным-ау, мен қалайша жатсынамын?
Жан-жүрек бір өзіңе тапсырарым
"Сіз" деген әзіл сөзден шошып қалсаң
Сен дейін баяғыша ақсұнқарым!

Қайырмасы:
Батырым - баяндым
Ақ көңіл - аяулым
Дарқан той - базарлым, ақсұнқарым!
Аяла гуліңді
Ұмытпа үніңді
Бір жырла жырыңды, ақсұнқарым!
Екі дос қаздай
Жадырап жаздай
Жұбыңды жазбай, жақсы жар!
Тыңда да бірге
Шыңда да бірге
Сында да бірге ақсұнқар
Сында да бірге ақсұнқар
27.11.2015
Вернуться назад