DataLife Engine / Шәмші Қалдаяқов (Ақ ерке - ақ Жайық)

Шәмші Қалдаяқов (Ақ ерке - ақ Жайық)

Арманым саған ауған
Самал соқса жағалаудан
Жүректе тербетілген
Ақ Жайығым
Ақ еркем
Аңсаған ән өлкем
Жаным-ау дара туған
Ағыстардан жаратылған
Жайықтың жағалай тал
Жағасынан
Қымбаттым
Сен маған тіл қаттың

Қайырмасы:
Өзіңсің жаным
Жаңғыртқан әнім
Каспийдің толқын тауларын
Сенбісің көгілдір
Махаббаттым
Алқызыл алаулы таңдарым
Айдыным шалқыған бір
Дидарыңда толқыған нұр
Мен сені көрдім, еркем
Ерке теңіз
Аспанға
Маржандар шашқанда
Айрылмас достығыңның
Айғағы ма қос бұрымың
Жанымды нұрландырып
Сенің шолпан жанарың
Алаулап барамын

Бір сәуле күлімдеген
Жанарыңнан дірілдеген
Мен сені балықшының
Арманынан
Жан, сәулем
Іздеймін аңсаумен
Арманым саған ауған
Самал соқса жағалаудан
Жүректе тербетілген
Ақ Жайығым
Ақ еркем
Аңсаған ә өлкем

Қайырмасы:
Өзіңсің жаным
Жаңғыртқан әнім
Каспийдің толқын тауларын
Сенбісің көгілдір
Махаббаттым
Алқызыл алаулы таңдарым
Айдыным шалқыған бір
Дидарыңда толқыған нұр
Мен сені көрдім, еркем
Ерке теңіз
Аспанға
Маржандар шашқанда
Айрылмас достығыңның
Айғағы ма қос бұрымың
Жанымды нұрландырып
Сенің шолпан жанарың
Алаулап барамын
27.11.2015
Вернуться назад