DataLife Engine / Бернияз Күлеев (Ақталу)

Бернияз Күлеев (Ақталу)

Бұзылған дейді, жынды дейді,
Ісімді көріп көп адам.
Еткенін алған мойнына
Менен дұрыс бар ма жан?!
Күндесін жұрт, қылсын өсек,
Мен лайық өсекке.
«Кірмей жігіт өсекке,
Кірмес, - деген,- есепке».
Ойландым да, толғандым,
Ойладым, ойға толмадым.
Жанды қидым, жалындым,
Жайланып , сірә, қоймадым.
27.04.2016
Вернуться назад