DataLife Engine / Бернияз Күлеев (Мен саған жат қыр баласы)

Бернияз Күлеев (Мен саған жат қыр баласы)

Мен саған жат қыр баласы,
Қырда тудым, қырда өстім.
Таулы, тасты айналасы,
Көлде жүздім, су кештім.
Ыңды - зыңды үлкен қала,
Маған теріс, маған жат,
Алдарқатқан жалғыз ғана
Жас періште көңілі шат.
Тек сол ғана жұбанышым,
Соған бола күн өтті.
Ойды билеп алды күшім,
Отсыз өртеп жүректі.
27.04.2016
Вернуться назад