DataLife Engine / Базар Жырау Оңдасұлы (Ойналық та күлелік)

Базар Жырау Оңдасұлы (Ойналық та күлелік)

Жабы мінген жөнелмес,
Тіріде перне не көрмес.
Көтергенмен кеудесін,
Жақсыға жаман теңелмес.
Өлшеулі демі бітпесе,
Қырық жыл қырғын болғанмен -
Ажалы жетпей ер өлмес.
Тура құрық түскен соң,
Тырп етуге дәрмен жоқ,
Ұсынып мойын, кім көнбес?
Ойналық та, күлелік,
Сайран етіп жүрелік,
Өлген соң дәурен бір келмес!
27.07.2015
Вернуться назад