DataLife Engine / Танымайсың сен мені

Танымайсың сен мені

Танымайсың сен мені, мен де сені,
Сен көрген жан емеспін мен кешегі.
Айнадағы түрді емес ішті білсе
Маған ешкім көңілін бөлмес еді.

Жан емеспін шошыйтын пенде біткен,
Әйтсе де қатем де бар пенделіктен.
Топ ішінде көрініп көзге көркем
Жалғыздықта жаңылам мен неліктен?!

Дей береді екен ғой дейтіндері,
Алаяқтар адалдың кейпіндегі.
Менен асқан жақсы жоқ кей кездері
Менен басқа жаман жоқ кей күндері.

Танымайсың сен мені, мен де сені,
Сен көрген жан емеспін мен кешегі.
Жан дүниемді оқып ал жырларымнан
Түсінуге тырысам мен де сені.

автор: Жәнібек Салқынбек
09.10.2018
Вернуться назад