DataLife Engine / Әбділда Тәжібаев (Көзіңді аш)

Әбділда Тәжібаев (Көзіңді аш)

(«Еңбекші Қазақ» газетінін 133-санында Бөгенбайұлы Жолпас «Кедендер газеті тимейді, ауылдық кекес ағасының қоржынында жүр,-дейді.)

Кедейлер топ болып отыр,
Топтанып көп болып отыр.
Бәрі де газетке жазылған
Не пайда - жоқ болып отыр.
Құлғара күйініп отыр,
Қабағы түйіліп отыр.
Газет жоқ, ауылнай жоқ,
Қамшысын үйіріп отыр.
Ауылнай аттанып жүр,
Жан күйттеп баптанып жүр.
Ет аулап, қымыз іздеп,
Есіріп мақтанып жүр.
Қоржынмен бөктеріп жүр,
Қасында көп серік жүр,
Қай сұмда «Куәлік» жоқ,
Беруге тексеріп жүр.
Тезіміз құрылып отыр
Былыққа бұрылып отыр.
Көзіңді аш, ауылатком,
Аяғың ілініп отыр.


1929
31.05.2015
Вернуться назад