DataLife Engine / Ақтан Керейұлы (Әлеумет, келдің қаумалап)

Ақтан Керейұлы (Әлеумет, келдің қаумалап)

Әлеумет, келдің кұралып,
Сөз базарын құралық.
Айтулы жүйрік мен едім
Алысқа шапқан шұбалып.
Әлеумет, келдің қаумалап,
Сөйлейін сөзді саумалап.
Пұл жіберіп, базардан
Алғаным жоқ саудалап.
Жылқы ішінде шұбармын,
Шұбарға таққан тұмармын.
Өзім шұбар болған соң,
Әрі-бері сөйлеп қызған соң,
Топтан ойнап шығармын.
27.04.2016
Вернуться назад