DataLife Engine / Ақтамберді жырау (Сары аязда қата ма)

Ақтамберді жырау (Сары аязда қата ма)

Сары аязда қата ма
Қайнардың аққан тұнығы?
Қап түбінде жата ма
Болаттың асыл сынығы?
Халқың тозып, кем болмас,
Әділ болса ұлығы.
Рақымсыз жақыннан
Халқы қатты түңілер.
Сырқат болсаң жат жерде,
Жаныңа кім үңілер?!
Әділ туған жақсыға
Екі даугер жүгінер,
Тізесін қисық бұрмаса,
Асылдығы білінер.
01.01.2016
Вернуться назад