DataLife Engine / Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Сүйген жардан айрылдым)

Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Сүйген жардан айрылдым)

Айырылдым тағдыр айдап бұлбұл құстан,
Тарттым мен қасірет - қайғы бала жастан.
Қондырған бақыт құмай көлеңкесін,
«Сары алтын сабыр түбі» асып - саспай,
Амал жоқ, ғашық жарым, кеттің өтіп,
Тұрмайды жамандықты ешкім күтіп,
Басты ғой қайғы - қасірет мен пақырды,
Дүниеден арманда боп сәулем кетіп.
27.04.2014
Вернуться назад