DataLife Engine / Фариза Оңғарсынова (Қызғанып қалма, жаным, сен)

Фариза Оңғарсынова (Қызғанып қалма, жаным, сен)

Біреулер менің қолымды қысса, жаныма қейде
күліп кеп, қызғанып қалма, жаным, сен:
сен үшін ғана құрметтеп мені тұратын шығар
жігіттер, қызбалық қылма, жаным, сен.
Көп қыздар саған күлімдеп тұрса көздерін тігіп
қымсына, қызыға қойма, жаным, сен:
өзіңдей менің бақытым үшін қуанып олар тұр
шығар, мұны да ойла, жаным, сен!
05.05.2015
Вернуться назад