DataLife Engine / Фариза Оңғарсынова (Өзіңді жерлеп келіп, жапа-жалғыз отырмын)

Фариза Оңғарсынова (Өзіңді жерлеп келіп, жапа-жалғыз отырмын)

Өзіңді жерлеп келіп,
жапа-жалғыз отырмын. Меңіреумін.
Айналамда қыстыққан еңіреулі үн...
Әлем деген қап-қара бұлтқа оранып,
жердің бетін кеткен бе-ау құрттар алып,
есі ауысқан шығар бұл сығыр құдай,
сосын, сосын... денемді бұрынғыдай
аймалаған секілді сенің ернің.
Буынымды босатып
сыбырлаған үздігіп сенің үнің,
сосын менің тек саған жерік үнім...
жанарымыз түк үнсіз ақтарған ой
тек екеуіміз білетін сәттер бар ғой? -
алақандар тигенде, бұлақ-құмар
дір еткізіп жүректен бір-ақ шығар -
барлық елес таптады мені бүгін.
Жерлеп келіп...
Жоқ, жоқ! Пә, өзіңді жерлеп келіп,
отырдым сен деп семіп,
өмір деген өзіңсіз қараң қалып,
керең болып кеткендей тамам халық...
осы менің бүгінгі есімдегі.
Сені осылай жерлегем. Кешір мені.
05.05.2015
Вернуться назад