DataLife Engine / Абыл Тілеуұлы (Біреу бар...)

Абыл Тілеуұлы (Біреу бар...)

Біреу бар жоқшылықтан өле алмайды,
Біреу бар аяқ басып жүре алмайды.
Біреу бар буаз аққу сияқтанып,
Назданып аяқ-басын бүге алмайды.
Сұлу бар бидай өңді, кылымсыған,
Еркелеп, сөйлей алмай, ыңырсыған.
Арадан айлар өтіп көргеніңде,
Дәт көңіл шыдай алмай, тыпыршыған.
Ақ маңдай, ителгі көз, алма мойын,
Қанды бет, жазық маңдай, ыссы қойын,
Алыстан ат арытып келгеніңде,
Балқиды қорғасындай тұла бойың.
27.04.2015
Вернуться назад