DataLife Engine / Фариза Оңғарсынова (Сүйген - сұлу)

Фариза Оңғарсынова (Сүйген - сұлу)

Сенің көзің көк те емес, қара да емес -
қой көзді деп атайды мұндайларды.
Ол көздердің оты да ғажап емес,
бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Сенің көркің ерекше емес, тегі,
(дәрі боп па қыздарға сарылығың!)
Бірақ маған "керім" боп елестедің,
саған ғана табынды бар ұғымым.
Мен үшін сен - бәрісің тіршіліктің,
жаным ұйып тек саған сыр ағыттым.
Осы екен ғой, мен жаңа бір сыр ұқтым,
"Сүйген - сұлу" дейтіні бұ халықтың.
25.01.2015
Вернуться назад