DataLife Engine / Фариза Оңғарсынова (Өзіңменен жүрегім егіз менің)

Фариза Оңғарсынова (Өзіңменен жүрегім егіз менің)

Өзіңменен жүрегім егіз менің,
түндер бойы қарманып сені іздедім -
жоқсың. Сонда еске алдым қимастықты
тағдырдың желі үзгенін.
Түндер қандай үрейлі жалғыз жанға,
қалғандаймын күздегі таңғы ызғарда.
Көзім жұмсам, шошытып сұсты елестер,
тылсым ба, жар, құздар ма...
Мазақтайды тағдырдың түні, желі,
көкірегім ызадан тілінеді.
Шыр еткендей қоңырау - сонда есікке
жүрегім жүгіреді.
Жүгіреді. Қайтадан басылады -
естілмейді ешкімге жасы, зары.
Тағдырымның дауылы азынап тұр -
бұл әлде басы ма әлі?..
25.01.2015
Вернуться назад