DataLife Engine / Фариза Оңғарсынова (Баланың еркелігін)

Фариза Оңғарсынова (Баланың еркелігін)

Баланың еркелігін
шытынап, көтермейміз.
Үш жаста-ақ ел сенімін
ақтаса екен дейміз.
Ойлаймыз: жүгірмесе,
сұрақтар бермесе көп,
көр-жерге үңілмесе,
жаныма келмесе деп.
Жүр дейміз арыстан боп
қарғитын қара құздан.
Өзіміз данышпан боп
туғандай анамыздан.
25.01.2015
Вернуться назад