DataLife Engine / Мұқағали Мақатаев (Әкеме)

Мұқағали Мақатаев (Әкеме)

Сонымен құладың ба, тас қамалым,
Қалмады күйініштен басқа амалым,
Зиратың аяқ асты болмасын деп,
Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.

Шынымен құладың ба, шым қорғаным,
Шынымен өртендің бе, нулы орманым.
Әке, сенің өміріңді жалғамасам,
Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!
02.03.2016
Вернуться назад