DataLife Engine / Мұқағали Мақатаев (Армысың, аппағым)

Мұқағали Мақатаев (Армысың, аппағым)

Таныс өлке, таныс маң,
Тайға мініп жарысқан,
Қара жолдың шаңы ұшқан.
Біреулермен алысқан,
Біреулермен табысқан.
Сырнай тартқан қамыстан,
Таныс өлке, таныс маң.

Таныс толқын аунатқан,
Таныс сағым тау жақтан
Барады ағып аулаққа.
Жамыраған жас төлдің,
Үні естілген жан-жақтан.

Таныс ой да, қырат та,
Таныс тоғай, бұлақ та.
Таныс емес бірақта,
Таныс емес жас ұрпақ
Сауық құрған суатта.

Танысымды таппадым...
Ей, бейтаныс мақтаным,
Армысыңдар, аппағым,
Менің бала шақтарым!
Менің болашақтарым!
02.03.2016
Вернуться назад