DataLife Engine / Мұқағали Мақатаев (Қырқыншы жылдар)

Мұқағали Мақатаев (Қырқыншы жылдар)

Рас, қайғы-қасіреті бар қаатаған,
Ғұмырлар бар батқан және батпаған
Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.

Жанды-жансыз бар табиғат түнерген,
Әр кеудеде бір шер барын білсем мен.
Қан майданда ерлік етсе біреулер
Қарсы жауға біз де шықтық түренмен.

Аңыздардан тере жүріп масақты,
Рас, рас, көзімізден жас ақты.
Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар,
Бәрімізден бір-бір батыр жасапты.

Батыр жұртым, сол жылдарды өткердің,
Сонда да сен жақсы көрдің, жек көрдің.
Қара емендей қатып қалған әжеңді,
Кейінгі ұрпақ, батыр емес деп көргін!

Кейінгі ұрпақ, саған салған өткелдің,
Сағасында өткен жастық, өткен күн.
Қаршадайдан қара шаруа атанған,
Сен әкеңді батыр емес деп көргін!
02.03.2016
Вернуться назад