DataLife Engine / Ескендір Хасанғалиев (Жанарым)

Ескендір Хасанғалиев (Жанарым)

Сапар шексем алысқа,
Сен жанымнан қалмайсың.
Қиындықта қалыспай,
Қиялымды жалғайсың.
Мол бақыттың жайын да,
Сырласумен айта алдық.
Қарағай мен қайыңдай,
Қатар тұрып жайқалдық.

Қайырмасы:

Сәулем, сәулем, сәулем,
Кір шалмаған арымсың.
Сезімдегі жалынсың,
Басымдағы бағымсың.
Домбыраның үні - сен,
Жүрегімнің жыры - сен,
Жанарымның нұры - сен.

Күндіз күлген күнімсің,
Түнде туған айымсың.
Жайнап тұрған гүлімсің,
Ойға шомған қайыңсың.
Домбыраға тағылған,
Егіз ішектей жұптастық.
Үміт алды жағылған,
Келешекке нық бастық.

Қайырмасы:

Көзің сенің мөлдір көл,
Тымық күйде жолықтым.
Шарасынан сол бір көл,
Төгілер деп қорықтым...
Жаз орнатқан жаныма,
Сәулем - сұлу сезімсің.
Жарық күнді сыйлаған,
Жанарым да өзіңсің.

Қайырмасы:
07.06.2015
Вернуться назад