DataLife Engine / Ескендір Хасанғалиев (Бозторғайым)

Ескендір Хасанғалиев (Бозторғайым)

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан,
Құс едің ғой, кең далаға бауыр басқан.
Аяздардан тоңбайсың ба, бозторғайым,
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым!

Қайырмасы:

Даланы мен де,
Сүйемін сендей,
Бауырмал, құсым!
Назыңнан әсем,
Сазыңнан әсем,
Жаңылма, құсым!

Тауқымет тартып,
Торықпа жаным,
Қорықпа, жаным.
Құшағымды ашып,
Кеудеме басып,
Берейін жалын!

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан,
Құс едің ғой, кең далаға бауыр басқан.
Аяздардан тоңбайсың ба. бозторғайым,
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым.
07.06.2015
Вернуться назад