DataLife Engine / Тоқтарәлі Таңжарық (Иек сүйеу)

Тоқтарәлі Таңжарық (Иек сүйеу)

Үн-түнсіз. Жым-жылас.
Есік пен терезе –
Мәңгілік ашылмас кейіпте. Жабылған.
Әлдене аңсайсың. Кебедеі кенезең.
Масалар ызыңы билеген қабырға –
Ол да үнсіз! –
Қиялға шомылған.

Кірпікте қара түн түнеріп,
Қарашық ішінде мұң ағып...
Екеуміз сүйетін бұл өмір
Барады, ә, осылай қуарып...

Қасірет иектеп жанымды,
Жұбатар едің ғой күрсінсем.
Бейуақ сыңсиды қалың ну:
«Қай жақта жүрсің сен?»

...Үзілген үмітті жалғар кім?
Ұзақ түн ғасырдан.
Ертеңгі ататын таңдардың
Парағы шашылған...
25.04.2016
Вернуться назад