DataLife Engine / Бақыт Беделхан (Сен - шынар ағаш басы едің....)

Бақыт Беделхан (Сен - шынар ағаш басы едің....)

Сен - шынар ағаш басы едің.
Мен - тобылғының көзі едім.
Бір кезде тіпті жас едің,
Мен ол кезде, бәлкім, жоқ едім.

Мұңсыз бақытты күндерді
Кіммен бөлісемін, дедің бе?
Тағдыр жарықтан құйып, нұр берді
Жалғыз неге ішемін дедің бе?

Көрікті қылатын көңілді,
Үміт деуші едім, тегінде.
Алғаш,
шын түсінгенде өмірді.
Көңілсіз болғаным бар менің де.
07.04.2016
Вернуться назад