DataLife Engine / Бақыт Беделхан (Жан иесі келмей тұрып жалғанға...)

Бақыт Беделхан (Жан иесі келмей тұрып жалғанға...)

Жан иесі келмей тұрып жалғанға,
Көктен саулап жұлдыз-жырлар жауғанда.
Өлі әлемге өлең арнап отырып,
Жылап-жылап алған шығар Аллам да!..

Жылап-жылап алған шығар, жас төгіп,
...Бір бір тағдыр болған шығар, тас та еріп...
Содан, бәлкім, қалған шығар, мәңгілік
Адам ата - Һауа ананы дос көріп.

...Қиялымның киік қашып қырында,
Сағым құшып қалып едім бұрын да.
Арзу айтпай аттан түсіп,
ал енді,
Қыранымды қондырайын тұғырға.
07.04.2016
Вернуться назад