DataLife Engine / Қайсар Қауымбек (Мен едім)

Қайсар Қауымбек (Мен едім)

(Махамбетше)

Шалқайғанның ханымын, хақтың ғана құлымын,
Азуымды жаныдым, айға қарап ұлыдым.
Мұқағали мұңымын, Махамбеттің жырымын,
Қарағайдан тұғырым, қара таудың ұлымын.

Адалдықтың жарымын, жамандықтың жауымын,
Қара қазақ арымын, қара жерде тамырым,
Намыс оты тулатқан батырлардың қанымын,
Қасіреті мың батпан ақындардың жанымын.

Еркелетсең еркеңмін, ерге қонсам ер едім,
Кекті қолдар кезенген адырнада жебе едім.
Қиып түсіп қылыштай қылшылдаған өлеңім,
Сөзден өлген бабалар, кек алуға келемін,
Кең дүние, көзіңді аш!
Мен, мен едім, мен едім!!!

2004
25.04.2016
Вернуться назад