DataLife Engine / Қуаныш Медеубаев (М.М.- ға...)

Қуаныш Медеубаев (М.М.- ға...)

Өлең - өмір ізінің соқпақтары,
Соқпақтардың танабын от қақтады.
Өлең ғана соғып тұр, жаным құсап,
Тәнім күре тамырын тоқтатқалы.

Тәңір өзі жіберген көр деп мені,
Өлең - қыстың қырауы өрнектегі,
Одан асқан керемет көргенім жоқ,
Болса сәби шығар, ол жөргектегі.

Өлең – тамшы, құлайтын гүлге бірі.
Жазған күндер, содан соң түндер ұлы!
Әр ақынның қолымен хатқа түсер,
Өлең шығар өмірдің күнделігі...

Өнер шығар өмірдің қан майданы,
Өмір болса, тамшы ғой таңдайдағы.
Сені аңсап жазатын, шалғайдағы,
Өлең деген жазулар маңдайдағы...

25.04.2016
Вернуться назад