DataLife Engine / Мақпал Мыса (Өлмей тұрып үмітін еш үзбеген....)

Мақпал Мыса (Өлмей тұрып үмітін еш үзбеген....)

Өлмей тұрып үмітін еш үзбеген,
Қара түнім, байлап таста көзімді!..
Ұшқан құстың қанатымен іздегем
Жалғыздықтың жанарымен өзіңді...

Со-нау көкте өңін бермей тұр қарап,
Сәулем, неге айға барып байландың?
Қабағымнан бара жатты сырғанап,
Қара шашын қара түнде жайған мұң.

Қара суық гүлдерімді тоңдырып,
(Мұңлы әуен, өз басыңа көрінгір...)
Қара түнді қанатына қондырып,
Қара гүлді ауырсынған өмір жүр.

Бақ па, сор ма осы болар келтесі,
Уды іштім деп ұғынып осы бал.
Қара тұман сейілгенде ертесі
Күлі қалған қара гүлді есіңе ал...
25.04.2016
Вернуться назад