DataLife Engine / Мақпал Мыса (Мен сені жек көремін!)

Мақпал Мыса (Мен сені жек көремін!)

Өкпеледім,
Мен сені жек көремін!
Қашырмағын мазамды текке менің!
Із боп қалдың алдымда даңғыл едің,
Күз боп қалдың бір сатте көктемедің.
Мен сені жек көремін!

Сағынамын,
Қайтейін сыйласаң да жаныма мұң.
Бұл беймәлім тағдырға бас имеймін,
Заңына бағынамын.
Сағынамын...

Сағынбаймын,
Өзің болдың боздатар әнім қайғым.
Басылады қай күні ақ жаңбырым.
Ашылады екен-ау бағым қай күн?
Сағынбаймын...

Көктемдеймін,
Асу бермес сен үшін өткелдеймін.
Құрысын кектенбеймін!
Сағынамын,
Сағынбаймын,
Әй бірақ жек көрмеймін...
25.03.2016
Вернуться назад