DataLife Engine / Мақпал Мыса (Жылама, Жаным! )

Мақпал Мыса (Жылама, Жаным! )

Жығылып туың жатса да,
Жылама, жаным, жылама.
Жаныңа қайғы батса да,
Әлсіз боп, жаным құлама.

Шеше алмай тағдыры шырмауын,
Құлаған, сірә, аз ба адам?!
Ақын да сырлы жырларын
Уайымсыз, мұңсыз жазбаған.

Көп болды сенің әттеңің,
Адам білмес кешпей тер.
Тағдырдың қиын сәттері
Адамды осылай есейтер.

Балғыңдығыңды былғайды,
Шуақты жүзің жоғалды.
Бәріне де қинайды-
Егілген жаныңа обалды.

Жылама, жаным, жылама,
Алдамас сені арман бар.
Көзіңнің жасын бұлама,
Көретін әлі таңдар бар!
25.03.2016
Вернуться назад