DataLife Engine / Мақпал Мыса (Сүттей түн)

Мақпал Мыса (Сүттей түн)

Сүттей аспан, сүттей тұнық көңілмен,
Мен де бәлки періште боп көрінгем
Ымырттан соң түн келеді қараңғы,
Менің қара шашымдай боп төгілген.

Сүттей түнде сүттей тұнық ақ арман,
Мөлдір тамшы ыршып түсер жанардан.
Тірліктің де тоқсан тарау жолдары
Менің қара шашымдай боп таралған,

Тіршіліктің құяр кезде қалыбын,
Тербетсін деп түнді қойды ау тәңірім,
Шабытыма шырақ етсем қайтеді,
Жарқылдаған жұлдызыдардың жарығын?...

Бағың ашар бақытыңның құт кейпін,
Өмір кейде ән секілді бітпейтін...
Қанатынан сәуле дейтін бір құстың
Сырғып түсіп бара жатыр сүттей түн.
25.03.2016
Вернуться назад