DataLife Engine / Бауыржан Әліқожа (Бақ жұлдыз)

Бауыржан Әліқожа (Бақ жұлдыз)

Айым менің!
Жарасады өзіңе мойыл меңің.
Сүттей аппақ жүзіңнен айналайын,
Аққу қанат, ақ балтыр қайың ба едің?!

Жаным менің!
Сенен сездім жайдарлы мамыр лебін.
Мына жалған дүниені нұрландырып,
Қан таратқан сезімге тамыр ма едің?!

Тұнық көлім!
Шыбық белім, не деген қылықты едің?!
Жігіттердің шоқ салар жүрегіне,
Тұрған тұрқың нұр шашып күліп керім.

Үр қызы ма ең?!
Әсемдіктің не екенін білгізіп ең.
Болмысыңа қызғана көз тастайды,
Мына ғалам сан миллион жұлдызымен.

Бұрымдым-ай,
Саған арнап жазармын жырымды ұдай.
Тіршілік те,сен де бір іңкәр әлем,
Сезінбеп ем өмірді бұрын бұлай.
01.04.2016
Вернуться назад