DataLife Engine / Асылзат Арыстанбек (Әйелден ақын шықпайды)

Асылзат Арыстанбек (Әйелден ақын шықпайды)

Әйелден ақын шықпайды деп,
Әлсіздер жылап-сықтайды деп,
Еркектің ығын ықтайды деп,
Өлсе де өрлік жұқпайды деп,
Жүрсіңдер-ау,
Көрерсіңдер әлі!

Әйел дегенің ақылшы екен деп,
Шетінен бәрі ақын-шешен деп,
Сенің ығыңда жатып өсем деп,
Бибінің бәрі батыл екен деп,
Алдымызға да,
Келерсіңдер әлі!

Әйелдің нағыз пірі едің-ау деп,
Жұлдыздың сен де бірі едің-ау деп,
Қайраңға келіп қайрылдық-ау деп,
Ақыннан нағыз айрылдық-ау деп,
Мен өлгенде
Көмерсіңдер әлі!
30.03.2016
Вернуться назад