DataLife Engine / Ақұштап Бақтыгереева (Ішкіш әйел)

Ақұштап Бақтыгереева (Ішкіш әйел)

Үкімет те алдады, дос та алдады.
Алдап кетті тағдырдың қосқан жары.
Ағайыннан, жердегі туыстардан
Жұлдыз жақын тәрізді аспандағы.
Бәрі есінде, алғашқы өкінген күн,
Ішке тартып үн-түнсіз отыр демін.
Ана болсам деп еді, үзілді үміт,
Сәби қалды үйінде жетімдердің.
Бақыт өзі немене? Атап қара,
Тіршілігі - жәй жүрген атақ қана.
Көз ашқалы көргені - тесік қалта,
Өмір сүрген мекені - жатақхана.
Қаңбақ өмір, ұстатты жел кемеден,
Сәті де жоқ бір жанға еркелеген.
Үміті жоқ, ертеңді ойламауға
Арақ ішіп алады ертеменен.
Жанарында тамшы боп тұнады арман,
Ішкіш етті, амал не, мына жалған.
Бір кезде ол аяулы қос ғашықтың
Тұңғышы еді-ау төңірден сұрап алған.
01.04.2016
Вернуться назад