DataLife Engine / Ақұштап Бақтыгереева (Ерте өскен гүлден қорқамын)

Ақұштап Бақтыгереева (Ерте өскен гүлден қорқамын)

Ерте өскен гүлден қорқамын
Аязға ұрынады-ау деп,
Мезгілсіз жұлынады-ау деп.
Меңіреу түннен қорқамын -
Жанарлар жұмылады-ау деп.
Жалтақ жанардан қорқамын
Жүректі жаралайды-ау деп,
Қиналсаң қарамайды-ау деп.
Жағымпаз адамнан қорқамын
Тайсаң табалайды-ау деп,
Достыққа жарамайды-ау деп.
01.04.2016
Вернуться назад