DataLife Engine / Ақұштап Бақтыгереева (Апа, сенде Тәңір бар, Жасаған бар)

Ақұштап Бақтыгереева (Апа, сенде Тәңір бар, Жасаған бар)

Апа, сенде Тәңір бар, Жасаған бар,
Ал біздерде алаяқ, асаған бар.
Тас көше бар, тас үй бар, темір қақпа,
Айқайласаң ашпайды-ау тас адамдар.
Сөзге жауап қатпайды сұрағанмен,
Әділдіктен қашқақтап тұрады әрмен.
Бәрібір, апа, мені жан жұбатпас
Сен өлді деп шыңғырып жылағанмен.
Шындықты айтсаң «нақұрыс, тентек» дейді,
Жүрегіңді жұлып ап көрсет мейлі.
Мейірімнен айрылған ортада, апа,
Көз жасқа да көп адам селт етпейді.
30.03.2016
Вернуться назад