DataLife Engine / Ақұштап Бақтыгереева (Аңғармай өң мен түстің не екенін де)

Ақұштап Бақтыгереева (Аңғармай өң мен түстің не екенін де)

Аңғармай өң мен түстің не екенін де,
Жүрейін бал сезімнің жетегінде.
Сен мені алдарқатып, абайсызда
Алып қаш алыс жолға кетеріңде.
Білдірмей ішкі сырды күліп кел де,
Айтып қой ат әкел деп жігіттерге.
Қыздардың әдеті бар келіспейтін
Бұлқынсам, сүймейді-ау деп күдіктенбе...
30.03.2016
Вернуться назад