DataLife Engine / Ақұштап Бақтыгереева (Алыстық жолы араның)

Ақұштап Бақтыгереева (Алыстық жолы араның)

Алыстық жолы араның
Қалды ма бөгеп қапыда?
Кешігіп жетті хабарың
Жолдаған менің атыма.
Хат алдым, бойдан әл кетті,
Қайдан күш тауып оқырмын.
Ашпастан аппақ конвертті
Баурыма басып отырдым.
Қинаса керек шын зарлық,
Мөлдіреп көзден жас тамды.
Өзіңе деген іңкәрлік
Осы бір сәттен басталды.
30.03.2016
Вернуться назад