DataLife Engine / Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Белбеу орнына жіп берген тоқалына)

Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Белбеу орнына жіп берген тоқалына)

Беліме жіп буындым , белбеусізден,
Жігіттер , қатын алма көргенсізден.
Жігіттер , қатын алсан көргенсізден,
Ғазыз басың қор болар тергеусізден.
Қолыңда қарияң болса, хатың деген,
Қария сөзі кітапқа жақын деген.
Жер ортада өлмесін атын деген.
Ер ортада өлмесін қатын деген.
Құдай қосқан қосағын жақсы болса,
Иманыңнан басқадан жақын деген.
Құдай қосқан қосағын жаман болса,
Шаңқылдаған қу қаншық кәпір деген.
29.03.2016
Вернуться назад