DataLife Engine / Ақерке Асан (Желменен бiрге жылаған...)

Ақерке Асан (Желменен бiрге жылаған...)

Күмiстей күлкi сыңғыры,
Өткенге сiңiп бұл күнi,
Алтыннан зерлеп соқсаң да,
Торда өлер бұлбұл бiр күнi...

Ай өтiп, сосын күн жылжып,
Қабаққа қонып кiрбiң көп,
Желменен бiрге жылаған,
Жанымды алар Тәңiр-Көк!

Өзге боп сосын сырласың,
Шешерсiң шолпы, сырғасын...
Сол түнi кетермiн мәңгiлiк,
Таусылып ерiген майшамдай,
Ып-ыстық төгiлiп көз жасым...
"-О, Жазым! "
19.04.2016
Вернуться назад