DataLife Engine / Ақерке Асан (Қайтемін)

Ақерке Асан (Қайтемін)

Мендік дерттің таусылғанда ар-күші,
Жалғыз жырым демеу болып қалсыншы,
Амалсыздан терезеңе соғылса
Көздерімнің мұңға толы тамшысы.

Қара бұлтты мына маған қалдырғын,
Түнде жауған тамшысындай жаңбардың,
Түнегімде қалайыншы, бәрібір -
Мен сезімге намысымды алдырдым.

Күз болатын...өзіңменен алып кет!
Қалып қойса, қайтем егер, қалың кек?!
Бір көктемді күтейін мен мәңгілік,
Тапталмасын жамандарға арым тек.

Жарық күнді, қайтем енді, Жарығым?!
Жалғыз жанның неке кескен жары -Мұң...
Қызыл іңір жұтпағанша, көңілдің
Үдей берер сергелдең мен зары тым.

Мұңлы әнім тербетеді Ай демін,
Дертім - өзің, өтінемін айт емін!
Бәрің қойшы, Жүрегіңе байланған -
Кеудемдегі Жүрегімді қайтемін?!..
19.04.2016
Вернуться назад