DataLife Engine / Бақытгүл Бабаш (Кіналай алмаймын ғой....)

Бақытгүл Бабаш (Кіналай алмаймын ғой....)

Кіналай алмаймын ғой -
Жүректің мұзы ерімей,
Болмаса күрсінгенім.
Куйінгенім.
Тағы да тұман көңіл.
Тағы да күмәнді өмір.
Тағы да үмітсіздің үйіндемін.
Алдайды сағым неге?
Жанбайды бағым неге?
Тағдырдың таусылмады-ау зауалы мың.
Аңсадым неге сені?
Басады мұң еңсені.
Жауабын кім айтады сауалымның?
Жазғыра алмаймын ғой -
Жанарда тұнса да арман,
Қолыңда болса жалған,
Келер едің.
Алыстан сағынысып...
Өртеніп, жанып-ысып,
Жаныма білмей кеттім не керегін...
10.03.2012
Вернуться назад