DataLife Engine / Бақытгүл Бабаш (Көк мұнарға оранып...)

Бақытгүл Бабаш (Көк мұнарға оранып...)

Көк мұнарға оранып ой да бермей мазаны,
Жаныштады-ау жанымды,
Е-ей, тасмейір болса да, таңғы шықтай таза-ды.
Қап-қара мұң қашанғы кірпігімнен құлайды?
Қап-қара түн қашанғы қабірімді қазады?

Дәурен өтті демейін, бір арманшыл аңсар ем.
Сені ғана күтумен әз үмітім талса деп,
Қыз біткеннен қорыған қылығымды қайтейін,
Менің ғана жалғызым, жалғызым боп қалса деп?

Жанға сауға таба алмай тұманытқан тірліктен,
Айды арман қып алдық па, бізді көкте кім күткен?
Арашалап жүрегім мың күдіктен мидағы,
Қарашада жүдедім, сағынумен күнді өткен.

Қап-қара түн... қара түн, тереземді ұрған кім?
Қара перде сыртында гүл ұсынып тұрған кім?
Саған деген сезімнен жеріп кетсем не етеді,
Қара сүлде артынан еріп кетсем не етеді???
10.03.2012
Вернуться назад