DataLife Engine / Бақытгүл Бабаш (Cағыныш қалды көзімде)

Бақытгүл Бабаш (Cағыныш қалды көзімде)

Есте жоқ:қашан,қай күні,
Кезіктім кенет өзіңмен.
Төгіліп гүлге таң нұры,
Төзімі үнсіз көз ілген.

Амал не, асау сезімдер
Үмітті көзін тез ілсе.
Сағыныш қалды көзімде
Оянам жылап, өзің ше?

Бақыт па, не бұл, сор, қайғы?
Қалдым мен үнсіз, шарасыз.
Өмір бұл, мұнда болмайды
Жан-мұңсыз, жүрек- жарасыз...

Жетім жел үні таңда ызғып,
Жүрекке мұң боп тарады.
Әйтеуір шерлі жалғыздық,
Айналып мені табады.

Әбдіжаппар Әлқожа & Бақдаулет Алқабек – Cағыныш қалды көзімде

[media=https://youtu.be/RsiOoyXr8ys]
10.03.2012
Вернуться назад