DataLife Engine / Құралай Омар (Жүрек, шiркiн, тапса деймiн тез емiн....)

Құралай Омар (Жүрек, шiркiн, тапса деймiн тез емiн....)

Жүрек, шiркiн, тапса деймiн тез емiн,
Қиялымды қанат қып кеңiстiктi кеземiн
Өзiңдi iздеп... Қайдасың? Ұмыттың ба?!
Жо-жо-жоқ!
...Сағынышың екенiмдi сеземiн.

Өзiң ғашық гүл – өңiм
Сарғаймасын, жайнасын деп, жылап тұрып күлемiн.
Ойламауға тырысып, сызғаныңмен санаңнан,
Жүрегiңнiң төрiнде мен жүрмiн ғой, бiлемiн.

Өлшер ме едi сағыныштың салмағы мен көлемiн?..
Өз өмiрiм өз қолымда, өзiм ғана төремiн
Десем дағы... Жете алмай,
Арманымның әлемiнде жолығып,
Тек түсiмде көремiн.
09.09.2015
Вернуться назад