DataLife Engine / Құралай Омар (Махаббатта көз болмайды)

Құралай Омар (Махаббатта көз болмайды)

“Махаббатта көз болмайды” деп едi.
Жаным жылып, жадырадым... Ызғарсыз.
Ойламауым мүмкiн емес, себебi,
Жүрегiмнiң лүпiлiнде сiз барсыз.

Сағынамыз... Асығамыз жетуге...
Жанарымда мөп-мөлдiр боп тұндыңыз.
Күндер күлiп, сәттер сырғып өтуде,
Содан берi бақыттымыз... мұңдымыз.

Тағдырыма ойда жоқта тап болып,
Орадыңыз бiр өзiңiз санамды.
Жеткiзе алмай сезiмiмдi жақ толып,
Тек өртенiп, жанам-ды...
09.09.2015
Вернуться назад