DataLife Engine / Құралай Омар (Хабарсыз кеттіңіз шынымен....)

Құралай Омар (Хабарсыз кеттіңіз шынымен....)

Хабарсыз кеттіңіз шынымен,
Ұстатпай… Ұқсайсыз қашқанға.
Хат жаздым сізге арнап түнімен
Сағыныш жайында аспанға.

Әсемдеп Айменен, жұлдызбен
Жүректің сөздерін көкке ілдім.
Сіз ұйықтап жаттыңыз бір қызбен,
Көруге шамаңыз жоқ, білдім.

Таң жақын, жұлдыздар маужырап барады,
Хаттарым тағы да оқылмай қалады...
09.09.2015
Вернуться назад