DataLife Engine / Құралай Омар (Аспан бүгiн....)

Құралай Омар (Аспан бүгiн....)

Аспан бүгiн ағыл-тегiл жылады,
Мөлдiр тамшы қара жерге төгiлiп.
Жанарымның моншақтары құлады,
Көңiлiмнiң қабырғасы сөгiлiп.

Келмес сәттi ойладым да, ерiдiм,
Аңсағанмен оралмайды алайда.
Жаңбыр – тамшы жүздi жуды, серiгiм,
Аспан болсам көрер едiң қалайда.

Көкiрегiмнен күмбiр-күмбiр күй ақты,
Ақша бұлт боп қайда көштiң, тұрақта.
Аспан шексiз, қиялдарым сияқты,
Ол да жалғыз бiрақ та...
09.09.2015
Вернуться назад