DataLife Engine / Құралай Омар (Жазмыштың құлымыз....)

Құралай Омар (Жазмыштың құлымыз....)

Жазмыштың құлымыз,
салғанына көндiгемiз шарасыз.
Күн дөңгелеп, ай жылжыды жаңасыз.
Жалғыздығым жабықтырды iздедiм,
Сiздi қайдан табамын?!
Менi қайдан табасыз?..

…Тоқыраған көңiлiмдi толтырып,
Тым алыстан
Қиялымның терезесiн қағасыз,
Жанарымда үмiт болып жанасыз…
Кiм бiледi,
Бәлкiм сiз арманымда ғанасыз...
09.09.2015
Вернуться назад