DataLife Engine / Бақытгүл Бабаш (Кімге барып шағынайын....)

Бақытгүл Бабаш (Кімге барып шағынайын....)

Кімге барып шағынайын,
Білсең, айтшы, жарық Айым?!
Мына сұп-сұр тірлігімді
Тастайын ба, неғылайын?

Бұл мұңымды жан ұға ма,
Дос емеспін сабырға да.
Сор маңдайым сүйенеді
Тастай суық қабырғаға.

Өмір заңын біле алам ба?
Айналам ба пірадарға?
Бар жазығым-сүйгім келген...
Сенгім келген бір адамға...
10.03.2012
Вернуться назад