DataLife Engine / Бақытгүл Бабаш (Мұнар таудың басында, маңаураған Ай ма екен?)

Бақытгүл Бабаш (Мұнар таудың басында, маңаураған Ай ма екен?)

Мұнар таудың басында, маңаураған Ай ма екен?
Бір көрінсе болмай ма бізге бақыт? Қайда екен?

Жанарыма-жұмыр жер, құшағыма-мына әлем,
Сиып кетер мейірлі құс-көңілдің сыңары ем.

Қайырылған қанаты қыранға енді не дейсің?
Қу дүние, әйтеуір қайырымға кедейсің...

Мұнар таудың басында мамыр ма екен, маусым ба?
Жүрегіме түскен жүк төзімімді тауысуда.

Тамның бәрі қосым деп, кімге ұйыпты күпір ой?
Жанның бәрі досым деп, бір биіктік күттім ғой!

Құз басынан құлаған қызды көрсең – мен шығар.
Жапан түзде жылаған күзді көрсең – мен шығар...

Бір бақытты аңсаған тағдырыма тайғанақ,
Мұнар таудың басынан, манаурайды Ай қарап...
10.03.2012
Вернуться назад